Среда, Июль 6, 2022
+7 (705) 555 33 80, +7 (701) 877 70 02
mediabilim@mail.ru
  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
Mediabilim.kz
Бізге жазыңыз
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
MEDIABILIM.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Биылдан бастап елімізде сырттай оқу түрі тоқтатылады

03.01.2019
Басты ақпарат, Жаңалықтар
0
Биылдан бастап елімізде сырттай оқу түрі тоқтатылады
41
БӨЛІСУ
132
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

Бұдан былай сырттай бөлімге енді студенттер қабылданбайды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Ал арнаулы білімі барлар оқуды қалай жалғастырады? Ол үшін қанша ақы төлейді және емтиханды қалай тапсырады?
Интернет арқылы онлайн режимде емтихан тапсыру енді өткеннің еншісінде. Биылданбастап еліміздегі жоғары оқу орындары сырттай оқуға ешкімді қабылдамайды. Өйткені олар білім алу кезінде күндізгі оқу бағдарламасының тек 65 процентін ғана меңгереді. Ал бұл өте аз. Сондықтан Білім және ғылым министрлігі осындай қадам арқылы мамандардың сапасын көтермек.

«Егер қолында дипломы бар маман жауапты қызметке келіп, қате шешім қабылдаса, ол адам өміріне қауіпті болуы мүмкін. Ұстаз болсын, инженер болсын айырмашылығы жоқ. Егер ол өз міндетін жетік білмесе, қоғамның дамуына кері әсер етеді»,-дейді Еуропалық құқық және адам құқығы жөніндегі сараптамалық институттың директоры Марат Башимов.

Дегенмен сырттай оқудың баламасы ретінде «part time» жүйесі қарастырылып жатыр. Оның ерекшелігі, оқу кестесі студенттің ыңғайына қарай қойылады. Мәселен, жұмыстан кейін немесе демалыс күндері. Мұндай жағдай таңнан кешке дейін қолы босамайтындар үшін қолайлы болмақ.

«Part-time институты білім беру саласына өте қажет. Сол үшін құқықтық актілері дайындалып жатыр. Осы бағдарлама бойынша оқығысы келетіндер қатары да артуда. Мұндағы басты талап, студенттер мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 100 процент білімнің 65 пайызын ғана емес, толықтай меңгеруі тиіс. Екіншіден қашықтықтан оқыту жүйесін қолға аламыз», -дейді ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Асхат Аймағамбетов.

Бәсекелестігі жоғары әрі нарық заманында өмір сүрген адам тек дипломымен ғана бағаланбайды. Сұранысқа сай маман болу үшін біліміңнің жетік болуы маңызды. Ал сол білімді беретін университтеттердің деңгейі енді түлеп ұшқан шәкірттерімен өлшенеді. Өйткені бүгінде қысқа мерзімді оқу бағдарламаларын бітірген адамның өзі университет түлегінің алдын орап кететіні жасырын емес. Мәселен, тіл мектептері мен бухгалтерлік курстарды айтуға болады.

«Қолында IELTS немес TOEFL сертификаты бар адамның шет тілін меңгергеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ бұл сертификаттарды жоғарғы оқу орны емес, осы бағдарламаны құрастырған Британдық кеңес береді. Яғни қандай да бір жұмысқа орналасу үшін міндетті түрде диплом керек емес. Бастысы сенің білімнің жеткілікті екенін дәлелдейтін құжат болса жетіп жатыр. Бұл – жоғарғы оқу орындары үшін үлкен бәсекелестік», -деді М.Нәрікбаев атындағы ҚАЗМЗУ жоғары құқық мектебінің директоры Сергей Пен.

Сондай-ақ оқу төлемақысының көлемі мен білім қызметтерін көрсету шартының формасын енді жоғары оқу орындары өздері бекітеді. Ал қай семестрде қанша сабақ оқу керектігін студенттің өзі таңдайды. Яғни ұзақ оқыса, оқу ақысын да көп төлейді. Ерте аяқтаймын десе, өз еркінде. Ал биылға дейін сырттай оқуға түсіп үлгергендер диплом алғанға дейін бұрынғы жүйемен оқуын жалғастыра алады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жыл сайынғы білім гранттарының саны 69 мыңға жетті

Жыл сайынғы білім гранттарының саны 69 мыңға жетті

18.03.2019
Республикалық «WUNDERKIND» талантты және  дарынды балаларға  арналған журнал

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және дарынды балаларға арналған журнал

03.06.2020
«Қамысты ауданы білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі» ММ  Кузембаева Арайлым Бакибайқызы  Бастауыш сынып мұғалімі

ШҚО, «Семей қаласының білім бөлімі»ММ, «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Алтын Мұқанқызы

11.04.2019
Республикалық «Mediabilim» журналы

Республикалық «Mediabilim» журналы

10.05.2021
ҚазҰУ QS-те табысты ілгерілеуде

ҚазҰУ QS-те табысты ілгерілеуде

18.03.2019
Дін және мәдениет Ғылым мен білімнің дамуы

Дін және мәдениет Ғылым мен білімнің дамуы

24.12.2018
ҚазҰУ-ға 85 жыл

ҚазҰУ-ға 85 жыл

18.03.2019

Сайт әкімшісінің рұқсатынсыз порталдан көшіріп басқа сайтқа жариялауға болмайды, көшірген жағдайда біздің порталға активті сілтеме қою міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
  • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
  • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
  • СЕМИНАРЛАР
  • ФОРУМДАР
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • МЕКТЕП
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • МАРАПАТТАР
MEDIABILIM.KZ

Телефон: +7 (705) 555 33 80
+7 (701) 877 70 02
Email:mediabilim@mail.ru

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.