Среда, Январь 20, 2021
+7 (705) 555 33 80, +7 (701) 877 70 02
mediabilim@mail.ru
  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
Mediabilim.kz
Бізге жазыңыз
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
MEDIABILIM.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

Мысырда әл-Фараби орталығы ашылды

18.03.2019
Басты ақпарат, КОЛЛЕДЖ, МАРАПАТТАР, Мектеп, СТУДЕНТТЕРГЕ, ШЕТЕЛ ҒАЛЫМДАРЫ ЖҰМЫСТАРЫ
0
Мысырда әл-Фараби орталығы ашылды
87
БӨЛІСУ
282
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында Мысыр Араб Республикасындағы ҚР Елшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Каир университетінде әл-Фараби ғылыми-білім орталығын ашты, — деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі.

Орталықтың ашылуы барысында «Әл-Фарабидің философиялық мұрасы» халықаралық ғылыми семинары ұйымдастырылды. Фарабитанушы ғалымдар, Каир университетінің философтары, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, Мысырдағы ҚР Елшісі Арман Исағалиев Шығыстың ұлы ойшыл мұралары және өскелең ұрпақтың рухани-өнегелік тәрбиесіндегі оның идеясының өзектілігі жайлы баяндамалар жасады.

Қазақстандық жетекші жоғары оқу орнының ректоры әл-Фарабидің ізгілікті қоғам идеясына негізделген «Ізгілікті қоғам азаматын қалыптастыру. Заманауи университеттер миссиясы» халықаралық жобасының БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе жүзеге асуы жайлы айтты. Ол Каир университетіндегі әл-Фараби орталығы тек әл-Фараби, Бейбарыс Сұлтан мұраларын ғана емес, достас мемлекеттер арасындағы ортақ тарихи және мәдени құндылықтарды оқытып, насихаттайтын жақсы платформа қызметін атқаратынына сенім білдірді. Мысырдағы Қазақстан Елшілігінің бастамасымен осы жылдан бастап әл-Фараби орталығы базасында бірінші рет Каир университетінде қазақ тілін оқыту пәні енгізіледі.

Сапар аясында қазақстандық делегация мен Бас имам әл-Азхар шейх Ахмад ат-Тайеб, Жоғары білім және ғылыми зерттеулер министрі Халед Абдель-Гаффар, ЕАР Парламенті білім беру және ғылыми зерттеулер істері бойынша Комитет төрағасы Сами Хашим, Каир университетінің ректоры Мохаммед Осман әл-Хошт және «Гомхурия» газетінің бас редакторы Абдель-Разек Тауфик араларында құрылымдық диалог өрбіді.

Кездесу барысында бірлесе мамандар даярлауда өзара әріптестікті нығайту, академиялық алмасу бағдарламасын, магистранттар мен докторанттардың ғылыми тағылымдамаларын жүзеге асыру, оқытушылар біліктілігін арттыру, ғылыми-білім беру бағдарламаларын жасау, фарабитану курстарын енгізу сұрақтары қарастырылды. Мысырдан ҚазҰУ филиалын ашу жайлы келісім іс-сапардың маңызды сәтіне айналды. Тараптар 2020 жылы ұлы ойшыл әл-Фарабидің 1150 жылдығын өткізуге және дайындық жүргізуде бірлескен жұмыстар жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

ҚазҰУ делегациясы құрамындағы танымал кинорежиссер С. Әзімовтің түсіру тобы қазіргі уақытта түсіріліп жатқан әл-Фараби және Бейбарыс Сұлтан туралы көркем фильмдерге қажетті видеоматериалдар жинау үшін Мысырдағы тарихи-мәдени нысандарды (Бейбарыс Сұлтан мешіті мен кітапханасы және т.б.) аралады.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Елбасы Жастар жылын жариялау туралы қаулы қабылдады

Елбасы Жастар жылын жариялау туралы қаулы қабылдады

18.03.2019
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА  АРНАЛҒАН  WWW.ZHAS-DARYN.KZ  ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ           ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ІЗДЕНІСТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ  атты жинағы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДАРЫНДЫ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН WWW.ZHAS-DARYN.KZ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ атты жинағы

03.10.2020
 №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман  Ізмұратова Ақниет Елбосынқызы

 №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман Ізмұратова Ақниет Елбосынқызы

29.04.2019
Жыл сайынғы білім гранттарының саны 69 мыңға жетті

Жыл сайынғы білім гранттарының саны 69 мыңға жетті

18.03.2019
Республикалық «WUNDERKIND» талантты және  дарынды балаларға  арналған журнал

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және дарынды балаларға арналған журнал

09.10.2020
Оқытудың эксперименталды теориясы және Колбтың оқыту стильдері

Оқытудың эксперименталды теориясы және Колбтың оқыту стильдері

20.12.2018
Латын әліпбиі –  рухани жаңғыру бастауы

Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы

19.03.2019

Сайт әкімшісінің рұқсатынсыз порталдан көшіріп басқа сайтқа жариялауға болмайды, көшірген жағдайда біздің порталға активті сілтеме қою міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
  • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
  • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
  • СЕМИНАРЛАР
  • ФОРУМДАР
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • МЕКТЕП
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • МАРАПАТТАР
MEDIABILIM.KZ

Телефон: +7 (705) 555 33 80
+7 (701) 877 70 02
Email:mediabilim@mail.ru

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.