Суббота, Август 13, 2022
+7 (705) 555 33 80, +7 (701) 877 70 02
mediabilim@mail.ru
  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
Mediabilim.kz
Бізге жазыңыз
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
MEDIABILIM.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҰБТ-да қандай өзгерістер болады және грант қалай тағайындалады

18.03.2019
Жаңалықтар, МАРАПАТТАР
0
45
БӨЛІСУ
144
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

Жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту шеңберінде 2019 жылдан бастап мемлекеттік білім беру гранттары білім беру бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалатын болады. Сондай-ақ, мамандарды даярлау бағыттарының жаңа сыныптауышы (классификатор) енгізіліп отыр, деп жазды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін еліміздің жоғары оқу орындарында мамандықтар тізімі нақты көрсетілген классификатор пайдаланылды. 2019 жылдан бастап жаңа классификатор енгізіледі. Онда мамандықтардың нақты тізімі емес, мамандарды даярлау бағыты көрсетілетін болады. Сәйкесінше, еліміздің жоғары оқу орындары дербес білім бағдарламаларын жасап алады.

«Осыған орай, мемлекеттік білім гранттары білім бағдарламаларының топтары бойынша тағайындалады. Мәселен, «Математика пәні мұғалімдерін даярлау» тобына «Математика», қосарланған «Математика-Физика», «Математика-Информатика» мамандықтары кіреді. Ал, «Ақпараттық технологиялар» тобына — «Информатика», «Ақпараттық жүйелер» және тағы басқалары енеді. Яғни, білім гранттарының тағайындалуы бұрынғыдай мамандық бойынша емес, білім бағдарламаларының топтары бойынша жүзеге асырылмақ. Грант ұтып алған соң талапкер ЖОО-ға таңдаған білім бағдарламасы бойынша тіркеліп, ЖОО-ға құжаттарын тапсыру кезінде өзі таңдаған мамандық бойынша білім алады», — делінген хабарламада.

БҒМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы ҰБТ форматы еш өзгеріссіз қалады. Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

«Бірақ, биылдан бастап ҰБТ жылына 4 рет — қаңтар, наурыз, маусым, тамыз айларында өткізілмек. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Ал, мемлекеттік білім грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде маусым айында өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы тиіс. ЖОО-ның ақылы бөліміне оқуға түсу үшін талапкерге жылына 4 рет өткізілетін ҰБТ-ның кез келгеніне қатысып, шекті балл жинау жеткілікті» деп мәлім етті министрліктен.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктіде тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беру қажет.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ағылшын тілін жетік меңгерудің ҰБТ-да қандай көмегі бар

Ағылшын тілін жетік меңгерудің ҰБТ-да қандай көмегі бар

24.12.2018
ҚазҰУ-ға 85 жыл

ҚазҰУ-ға 85 жыл

18.03.2019
Республикалық «WUNDERKIND» талантты және  дарынды балаларға  арналған журнал

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және дарынды балаларға арналған журнал

09.10.2020
Ережепова Альмира Тлеугабыловна

Алматы облысы Қарасай ауданы Үштерек орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Шалкарова Асия Конилкошовна

13.05.2022
31.03.2020  дипломдарын  жүктеу

31.03.2020 дипломдарын жүктеу

31.03.2020
«Соңғы мұғалім» фильмі Түркияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды

«Соңғы мұғалім» фильмі Түркияда өткен фестивальде жүлдеге ие болды

26.12.2018
Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

Қазақстанда информатика 1 сыныптан бастап оқытылуы мүмкін

24.12.2018

Сайт әкімшісінің рұқсатынсыз порталдан көшіріп басқа сайтқа жариялауға болмайды, көшірген жағдайда біздің порталға активті сілтеме қою міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
  • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
  • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
  • СЕМИНАРЛАР
  • ФОРУМДАР
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • МЕКТЕП
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • МАРАПАТТАР
MEDIABILIM.KZ

Телефон: +7 (705) 555 33 80
+7 (701) 877 70 02
Email:mediabilim@mail.ru

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.