Среда, Январь 20, 2021
+7 (705) 555 33 80, +7 (701) 877 70 02
mediabilim@mail.ru
  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
Mediabilim.kz
Бізге жазыңыз
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
MEDIABILIM.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Мектеп

Алматы қаласы «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»КММ тарих пәнінің мұғалімі Алиев Ербол Нурлибекугли     Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

Алматы қаласы «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»КММ тарих пәнінің мұғалімі Алиев Ербол Нурлибекугли     Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

11.04.2019
Мектеп
0
«Қамысты ауданы білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі» ММ  Кузембаева Арайлым Бакибайқызы  Бастауыш сынып мұғалімі
111
БӨЛІСУ
359
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы қаласы

«М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»КММ

тарих пәнінің мұғалімі

Алиев Ербол Нурлибекугли

 

 

Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

Эссе

 

«Беталысы күнде өзгерген алмағайып

 дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермеген,

өзгермейтін темірқазықтар бар.

Ол білім! Ол еңбек!

Елбасы Н.Ә.Назарбаев

 

— Дүниеде кім бақытты?- деп сұрапты ертеде бір данышпан.

— Дүниеде көп адамды «Бақытқа»  кенелткен адам бақытты, — деп жауап берген екен.

Олай болса әр балаға бақыт кілтін ұстатқан жаңа мектептің – жаңашыл ұстазы — ең бақытты адам деп ойлаймын.

«Зиялы қауымның қатты алаңдауға тиісті бір саласы – білім беру ісі»,-деп Елбасымыз айтқандай, әдептіліктің де, әдеміліктің де, даналықтың да көзін ашушы – ұстаз.

Мен озық ойлы Елбасысы бар, тұғыры биік Қазақстанның бақытты ұстазымын. Әр істің ұстасы, әр ұстаның ұстазы бар демекші, мен бала жанының бағбанымын.

Бар халықтың, ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімі де, серігі де, өмірі де – балалар. Қазақтың елдігі, келешегі бәрімізге ортақ ұрпағымызға керек.

Періштелердің күміс күлкісі мен тамаша ықыластарына тұнып тұрған мектеп — бақыт мекенінде   жаңашыл ұстаз болу менің ұстаздық жолындағы ақ қанат арманым.

Ғылым мен техника дамыған дәуірде «ХХІ ғасырдың педагогі қандай болуы шарт?» деген сұраққа сөз жауап бермейді. Оған жауап – істің айнасы – тұлға. Бүгінгі мен кешегі ұлы дала көшін жалғаушы, мектептің, қоғамның, ғылымның, білімнің, тарихтың, ұлттың, жақсы мінездің де жанды өкілі болу-  бүгінгі ұстаздың алдына қойған міндеті. Ұлы даланы мекен еткен ежел­гі адамдар талай техникалық жаңалықтар ой­лап тауып, бұрын-соңды қолданыл­ма­ған жаңа құралдар жасап, оны адам­зат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып отырғанда ,жаһандану заманында жаңашыл болмау ұстазға сын.

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, өзгерудің алғашқысы өзің бол! Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті қазір жаса!» десе,  жаңа мектепке жаңашыл өзгеріс алып келу, ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторларды оқушының бойына сіңіру  үшін біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкңлдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек

«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға қмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» — деп Елбасы Жастарға үлкен серпін берді. Құлашымызды кеңінен сермейік, серпінімізден жаңашылдықтың лебі ессін. 

ХХІ ғасыр — білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан — жақты, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. Жас өркеннің рухын биіктетіп, қанатын қатайтып, әлемдік бәсекеге қосатын жылда, яғни 2019 жыл – «Жастар жылында» жас ұстаздар арасындағы аламан бәйгеге қатысу менің ұстаздық тарихымдағы жарқын кезеңге жол ашты.

Адамды сүйсінтіп сүйдіретін де, күйінтіп күйзелтетін де ұрпақ тағдыры. Әр шаңырақтың үкіліген үміттерінің көзіне от, арманына қанат бітіріп нағыз Адам етіп, жүрегіне ұлт, ел деген киелі ұғымды ұялата алсам – менің ұстаздық арманымның орындалғаны болмақ.

«Маған айтып берсең, ұмытып қаламын, ал менің өзіме жасатсаң, үйретемін» деген нақыл сөз -менің өмірлік қағидам. Мен шәкірт тәрбиелеуде жаңашыл ізденістер мен тың идеяларды Назарбаев зияткерлік  мектептерінің тәжірбиесінен және алдынғы қатарлы озық тәжірбиелі ұстаздардан алуым нәтижелі еңбегіме негіз болуда. Бала бойына ұлттық код пен ұшқыр білім ұялату – мамандыққа деген адалдықтан гөрі еліне, жеріне деген азаматтық құрмет деп ойлаймын.

«Ұстаз бақыты – шәкіртіңмен бірге қуана білу» деген. Мен әділдік пен адами құндылық арқасында әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының» бірлігін мығымдап, ерекше даралығымен ел арқа сүйер Абайдың «Толық адам концепциясының»   талайын тудырмақпын.

Ұстаз ретінде менің де алдымда бүгіннен нұрлы, бүгінен кемел жол жатыр: жаңа ашылулар, шығармашылық шыңдар.

Ғасыр жаңғырығында жастардың дауысы  жарқын, ұстаздық істері -ұлт игілігіне айналсын.

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚазҰУ QS-те табысты ілгерілеуде

ҚазҰУ QS-те табысты ілгерілеуде

18.03.2019
Латын әліпбиі –  рухани жаңғыру бастауы

Латын әліпбиі – рухани жаңғыру бастауы

19.03.2019
ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІМЕН !!!!

ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІМЕН !!!!

04.10.2020
Елбасы Жастар жылын жариялау туралы қаулы қабылдады

Елбасы Жастар жылын жариялау туралы қаулы қабылдады

18.03.2019
Нұр-Сұлтанда PATA Travel Mart халықаралық туристік көрмесі өткізілмек

Нұр-Сұлтанда PATA Travel Mart халықаралық туристік көрмесі өткізілмек

19.07.2019
Қазақ күресі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіледі ме?

Қазақ күресі Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіледі ме?

27.07.2019
БАЙҚАУ  ЕРЕЖЕСІ !!!

БАЙҚАУ ЕРЕЖЕСІ !!!

15.01.2021

Сайт әкімшісінің рұқсатынсыз порталдан көшіріп басқа сайтқа жариялауға болмайды, көшірген жағдайда біздің порталға активті сілтеме қою міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
  • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
  • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
  • СЕМИНАРЛАР
  • ФОРУМДАР
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • МЕКТЕП
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • МАРАПАТТАР
MEDIABILIM.KZ

Телефон: +7 (705) 555 33 80
+7 (701) 877 70 02
Email:mediabilim@mail.ru

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.