Пятница, Март 31, 2023
+7 (705) 555 33 80, +7 (701) 877 70 02
mediabilim@mail.ru
  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
Mediabilim.kz
Бізге жазыңыз
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
No Result
View All Result
MEDIABILIM.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Басты ақпарат

 №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман Ізмұратова Ақниет Елбосынқызы

29.04.2019
Басты ақпарат, Мектеп
0
 №60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман  Ізмұратова Ақниет Елбосынқызы
0
БӨЛІСУ
1
ҚАРАЛЫМ
Share on FacebookShare on Twitter

№60 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жас маман

Ізмұратова Ақниет Елбосынқызы

 

 

 

 

 

Мен мамандығымды сүйемін

Асылы, адам баласының таңғы ұйқыдай тәтті шағы, бөкеннің жанарындай мөлдір кезі  ерке бұлан бала шағы шығар?! Жер бауырлап ұшқан қарлығаштың төсіндей аппақ сол сәтті еске алғанда кеудеңді бір сағыныш билей жөнелетіні несі екен? Сәруар шақтың сәукелесіндей кербез көңілдің түкпіріндегі сол аңсау мектеп қабырғасында өткен уақытқа ауа беретінін қайтерсің. Әсіресе, балқаймақ ертегінің бір тарауында мұғалімге қашан да орын табылады. Иә, білмесіңді үйретіп, ана мейірімін төккен мұғалімнен аяулы, ұстазыңнан артық ешкім жоқ-ау. Мұғалімімізге қарап бой түзеп, шашымыз бен жүріс-тұрысымзды да сол кісіге ұқсатқымыз келетін. Кірпік қақпай сол мейірбан жанның әр сөзіне елітіп отырушы ек… Хош! Бетімнен күн сүйіп, кекілімді жел тербеген ақ дариға күндер де орамалын бұлғап алыста қала берді. Жылдар жылжып, сағат сырғып мен де, міне мұғалім болдым. Менің алдымда, оқушы емес, алаштың ертеңі мен болашағы тұрғанын ойласам жүрегім дір ете қалатынын қалай жасырайын?! Ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың «қазақтың оқыған азаматтары, қазаққа осындайда қызмет етпегенде қашан қызмет етіп пайдамызды тигіземіз» дегені есіме түссе дер кезінде іске кіріскеніме үнемі қуанамын. Қазақтың қаракөзін өз баласынан кем көрмейтін ұстаздың жолы аса жауапты, тауқыметі ауыр, хикметі терең білген жанға. Осынау қиыншылықтарына қарамай нақ осы мамандықты таңдағаныма еш өкінген емеспін. Өйткені маған жігер беретін тағы да сол Әлихан Нұрмұхамедұлының «тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын»  деген рухты сөзі. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» дейді ақылды жұртым. Қазақтың қай қаракөзін өз баласынан кем көрмейтін ұстаздық жолы аса жауапты, тауқіметі ауыр, түсінген адамға оңай дүние емес. Осынау қиыншылықтарына қарамай нақ осы саланы таңдағаныма еш өкінген емеспін. Себебі, атаның қаны, ананың сүтімен келген қасиет мені осы жауапкершілігі зор жұмыстың маманына айналдырды. Отбасымда мұғалім деген сөздің қадір – қасиетін бойыма терең сіңіртгендіктен бе , әйтеуір мұғалім болуға тым асықтым. Арман қуып Ақжайықтың төріне барып Махамбет атамыздың атағына берілген Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетіне түсіп, бастауыш сынып мұғалімі мамандығым алып шықтым. Өзім қалаған мамандықтың иесі болу мен үшін бір бақыт болды.

Ұлт ұстазы, қазақ әліппесінің атасы Ахмет Байтұрсыновтың «мектептің жаны — мұғалім» дегені бар. Шаһардағы  №60 жалпы білім беретін орта мектептің табалдырығын жас маман болып аттағаным әлі есімде. Ұстаз мектептің жаны, жүрегі болса сол қызмет менің мойнымда екенін сезінгенде алып-ұшқан көңілім одан бетер толқи түсемін. Көп ұзамай білім ордасындағы 2 «Л» класына сынып жетекші болып тағайындалдым. Тәуекелі көп тірлікте адам бәріне үйренеді екен. Және ол өзіңнің сүйікті мамандығың болса. Ә дегеннен оқуышылармен тіл табысып, әр баланың өзіне тән ерекшелігіне сай бағыт-бағдар беріп, қызметіме құлшына кірістім. Алғашқы нәтижем ретінде, сыныбымда Сабыр Мирас Республикалық «Нұрлы жастар», «Ұлы дала ұрпағымыз» байқауларында 1 және бас жүлде орындарын иеленді. Одан өзге  8 оқушым Республикалық «Білген Бәйге» олимпиадасына қатысып, алдыңғы саптан көрінді. Оқушыларым өнер мен білім бәйгесінде де қанжығасы бос қайтқан емес. Балдырғандарымның сайыстан соң жүгіріп кеп мойыныма асылып, «апай, мен жүлдегер болдым» деген бал-бұл жанған жүзіндегі қуанышты көргенде, ата-аналардың алғысын естігенде зор жауапкершілікті сезінемін, іштей қуанамын.

Сонымен қатар, үйренген, білген іс – тәжіриебемді тарату мақсатында өз сабағымды мектебіміздің You Tube әлеуметтік желісіне салдым.  Біздің мақсатымыз оқушыларға  тек қана білім беру емес. Тәрбиені бойына сіңірту, шығармашылыққа баулу, еркін сөйлесе алуға, өз ойын еркін айта алуға үйрету.

Алдыма келетін әр үйдің 25 еркесі, менің де еркелерім. Білім алушы бүлдіршімдерінің қуанғаны, біліп алып оны өмірде қолдана білгендері мені одан әрі шабыттандырып, алға жетелейді. «Мектептің жаны – мұғалім» дегендей мектеп мұғаліммен, мұғалім ата – анамен тығыз байланыста болса біз тәрбиелеп отырған бүлдіршіннің болашағы жарқын болмақ. Білімнің сара жолы мектептен басталады. Мектеп — білім ошағы. Әр адам осы білім ордасынан алған білімдерін  жалғастыра отырып өмірден өз орындарын таба алады.

Мұғалім ұстанымы – оның көзқарасы, қабылдаған  шешімі мен іс – әрекетінен тұратын болса, келешек ұстаз ретінде менің кредом Ұлы ақын Абай атамның өсиет еткен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрекпен , үздіксіз алға жылжу, алға қадам басу!»

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп айтып кеткен Ұлы ұстаз Әл-Фараби бабамыздың қанатты сөзінің қадірін енді ұғынғандаймын. Әр баланың жалынды жанарынан Қазақ болашағының ертеңін көремін. Сондықтан, дәл осы сәттен балғындардың салауатты ұрпақ, саналы азамат болып өсуіне бар күш жігерімді жұмсамақпын.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені әріптестерімнің мойынында кәтепті қара нардың белін майыстырар міндет һәм парыз түрғынан білдіреді. Мұз үстіне жүйіткіген қызыл судай сырғыған уақыттың көшінен қалмай еңбек етіп, бәсекеге қабілетті болуы жалаң қолға шоқ ұстағандай екенін әр жас маман ескеру керекпіз. Сөз соңын ақын, алаш қайраткері, жауқазын ғұмырын ұстаздыққа арнаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың

«Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып, күн болам,

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмағанда, кім болам?!» деген рухыт өлеңімен аяқтым келеді. Ендеше мен де хәл-қарекетім жеткенше «қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»

 

 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және  дарынды балаларға  арналған журналы

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және дарынды балаларға арналған журналы

13.10.2022
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ WWW.ORLEU.KZ ИНТЕРНЕТ РЕСУРСЫ             ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО МЕН ОРТА МЕКТЕПТЕРДЕ ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМ БЕРУ: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ  (ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚУ ҚҰРАЛЫ)    ЖИНАҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНЕ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖИНАҒЫ

«Қазақстандық ЖОО мен орта мектептерде тәрбие мен білім беру: ІЗДЕНІС ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбындағы әдістемелік оқу құралы

12.05.2022
«Қамысты ауданы білім беру бөлімінің Бестөбе орта мектебі» ММ  Кузембаева Арайлым Бакибайқызы  Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы «М.Базарбаев атындағы №138 гимназия»КММ тарих пәнінің мұғалімі Алиев Ербол Нурлибекугли     Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз

11.04.2019
ҚазҰУ-ға 85 жыл

ҚазҰУ-ға 85 жыл

18.03.2019
Республикалық «WUNDERKIND» талантты және  дарынды балаларға  арналған журнал

Республикалық «WUNDERKIND» талантты және дарынды балаларға арналған журнал

26.11.2020
АЛҒЫС ХАТ  ЖҮКТЕУ

КГУ «средняя школа Кайнар» учитель начальных классов Шерьязданова Саяра Музапаровна Доклад по теме: «Применение современных       педагогических технологий на уроках в начальной школе»

13.05.2022
Республикалық «Mediabilim» журналы

Республикалық «Mediabilim» журналы

12.10.2022

Сайт әкімшісінің рұқсатынсыз порталдан көшіріп басқа сайтқа жариялауға болмайды, көшірген жағдайда біздің порталға активті сілтеме қою міндетті.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС
  • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР
  • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
  • СЕМИНАРЛАР
  • ФОРУМДАР
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • МЕКТЕП
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • МАРАПАТТАР
MEDIABILIM.KZ

Телефон: +7 (705) 555 33 80
+7 (701) 877 70 02
Email:mediabilim@mail.ru

  • САЙТ ЕРЕЖЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • ЖОО
  • КОЛЛЕДЖ
  • Мектеп
  • БАЛАБАҚША
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • Жаңалықтар
  • МАРАПАТТАР
  • БАЙҚАУЛАР
  • ШАРАЛАР
    • ФОРУМДАР
    • СЕМИНАРЛАР
    • КОНФЕРЕНЦИЯЛАР
    • ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕР

© 2019. MEDIABILIM - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖУРНАЛ. БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР САҚТАЛҒАН.