Алматы облысы Талғар қаласының
«Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға
арналған үш тілде оқытатын №8 арнаулы
гимназисы» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
биология пәні мұғалімі
Байдаулет Тілек
« Менің еңбек жолым және методикалық тәсілім»
Мен Байдаулет Тілек 2016 жылы Қазан айынан бастап «Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №8 арнаулы гимназисы» КММде биология пәні мұғалімі болып алғаш еңбек жолымды бастадым, бұл кездегі маған тапсырылған міндет 9, 10, 11 қазақ сынып оқушыларына биология пәнін ағылшын тілде сабақ жүргізу еді, өзімнің осындай бір сындарлы кезеңде осы мектептегі тұлектерге өз бойымдағы жинаған бар білімімді және көрген білгенімді олардың білім жолында қолдану маған алғашында шыныменде оңай болмады, мен көп іздендім және осы мектептегі тәжірибелі мұғалімдермен заучтардың көмегінің арқасында мен кездескен қиындықтардан жол тауып шыға білдім, сонымен қатар сақталған мәселелерді дұрыс шеше білдім, ең маңыздысы осы барыста мен көптеген құнды тәжірибелер жинадым, бұл мен үшінде менің оқушыларым ұшінде тіптен біздің білім ордамыз үшінде өте құнды бағалы деп есептеймін.
Менің ұстаздық еңбек жолым осы жерден бастау алды және мен осы үйммен бірге көптеген шыңдарды бағындырдым, толағай табыстарға қол жеткіздім, алдыма қойған әрбір мақсаттарымды бұлжытпай толығымен орындауға, өз міндетімді толық адал атқаруға бойымда бар күш қуатымды сарқа жұмсадым. Өзіме ғана емес оқушыларымада қатаң талап қойа білдім. Білім алу инемен құдық қазғандай дегендей шыныменде білім өте ұлкен қажырлылықпен табандылықты қажет етеді. Әрі еліміздің болашағы саналар жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісінде еңбек етіп жатқанымды мақтан тұтамын. Білім саласына дамуына өзіндік үлесімді қосып, жас өркендердің отансүйгіш, көзі ашық және білімді азамат болып қалыптасуына септігім тиіп жатқанын өте үлкен абырой санаймын.
Менің мақсатым – оқушылармен етене жұмыс жасап, биолигия ағылшын тілі сабағында ғылыми тілді (academic words) қолдану және сыни тұрғыдан ойлау (critical thinking) дағдысын қалыптастыру арқылы өзі іздене білетін, өзіне сене білетін талантты оқушыларды тәрбиелеп шығу. Жәнеде қазіргі таңдағы еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу, жан — жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым. мен алғаш еңбек жолын бастаған кездегі 9 сынып оқушылары қазір 11 сынып оқып жатыр, мен оларға тек ұбт-ға ғана дайындалып қана қоймай. Сонымен қатар, шетелдің белгілі оқу орындарының университетке қабылдау емтиханының формасын көрсетіп солардың емтихан сұрақтарымен таныстырып көз айасын барынша кеңіте түсуіне және білімін шыңдай түсуіне жол аштым. Меніңде көптеген тиімді оқу әдістерін қолданып және осы қолданған оқу әдістерімнің өнімділігінің қалай болатынына нақты және шынайы құнды мәліметтер алуыма, сол арқылы менің ғылыми жұмыстар мен мақалалар жазуыма, тәжірибені жинақтап қана қоймай ендігі кезекте жинаған тәжірибеммен бөлісугеде мүмкіндік алдым. 2018 жылы 13 сәуір күні өз кәсіби шеберлігім мен жаңашылдығымды шыңдау барысында Алматы Облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен Еңбекшіқазақ ауданы Көктөбе ОМ базасында химия, биология пәндерін ағылшын тілде оқытуда тілдік курстан өткен B1, В2 және С1 деңгейін меңгерген педагогтардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL әдісі): қадамнан қадамға» атты шебер-классқа қатыстым. Іс-шарада «Қанның құрамы және оның қызметі» (The composition and function of the blood) атты ашық сабақ өттім. 2019 жылы 10 сәуір күні Алматы облысы білім басқармасы мемлекеттік мекемесі білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ММ ұйымдастыруымен Ағылшын тілінде химия, физика, биология пәндерін оқытуда педагогтарға белсенді оқыту әдістемесін ұсыну, тәжірибе алмасу мақсатында «үш тілде білім беру әдістемесі және әдістері» атты облыстық семинарға қатысып «inherited traits and acquired traits» атты тәжірибе сабақ өттім. 2016 жылы Чех республикасы Прагадағы «Environmental quality and potential effects on psychological reactions in human life. Innovation methods and educational process in biology and biotechnology. Biological nitrogen fixation in increasing plant productivity» атты жаздық курсқа қатыстым. 2017 жылы Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «The regional Model United Nations – New Silk Way conference» атты конференциясына делагаты. 2017 жылы Қаңтар 29 – Ақпан 8 аралығында Алматы қаласында өткен 28ші дүниежүзілік қысқы универсиадада Хадықаралық студенттер спорт федерациясы, Қазақстан Республикасы студенттік спорт федерациясы және Ұйымдастыру уомитеті іш-шара барысында көрсеткен ерен еңбегі үшін еркіті сертификаты және Алматы қаласы әкіменен алғыс хат адым. 2018 жылы ұлттық біліктілік тестіне қатысып «педагог-модератор» біліктілік санатын алдым. 2018 жылы қаңтарда British Council да IELTS тестін тапсырып жалпы 6.0 яғни B2 дәрежесін алдым.
Келешекте де осы жаңаша әдістер мен тәсілдер өз іс-тәжірибемде әрдайым жалғасын табады деген ойдамын. Талықпай жалықпай ұздіксіз үйрене білу менің бойымда қалыптасқан әдет, мен өзімінің шәкіріттерімінің мененде биік шыңнан көрінуін тілеймін және олардың көрінетіне менімім кәміл. Ал мен солармен солардың жетістігімен мақтанамын.
16.04.2019